Жеке тұрғын үйге сұраныс төмендеді ме?

365

Көктемде жеке тұрғын үй саудасы артатын, бірақ биыл керісінше сатып алу-сату шарттарының саны қысқарды. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады. 

Жеке тұрғын үйге сұраныс төмендеді ме? Фото: google.com

Сәуір айында 8096 үй сатып алынды. Қаңтар-наурыз айларындағы орташа көрсеткіш 6106. Яғни өсім бар. Бірақ бұл 2022 жылдың сәуір айының деңгейінен (14 371 бірлік) айтарлықтай төмен. 

Транзакциялардың жалпы санындағы жеке үйлердің үлесін қарастырайық. Сәуірде ол 25,7%-ды құрады. Салыстыру үшін: наурызда – 25,9%, ақпанда – 25,6%. Бұл 2019-2022 жылғы сәуірдің орташа деңгейінен айтарлықтай төмен (28,9%).

Статистика сүйенсек, былтыр сәуір айынан бастап жеке тұрғын үйге сұраныс арта бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу