ЖОО-ға грантқа түсіруге уәде еткен Тараз тұрғыны ұсталды

338

Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

ЖОО-ға грантқа түсіруге уәде еткен Тараз тұрғыны ұсталды Фото: polisia.kz

11 тамызда Тараз қаласының полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны шағымданған. Әйел шағымында осы жылдың 28 шілдесінде ұлының Алматы қаласының белді университетінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 000 теңге бергенін мойындаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу