"Жұмыс ұсынатындар көбейді": Air Astana үндеу жасады

417

Әуе компания алаяқтар көбейгенін хабарлады.

"Жұмыс ұсынатындар көбейді": Air Astana үндеу жасады Фото: inbusiness.kz

Air Astana әуекомпаниядан жалған жұмыс ұсынатын алаяқтар көбейгенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған байланысты Отандық компания азаматтарды сақ болуға шақырды.

"Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілді орналасу туралы жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз", делінген әуекомпанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Air Astana жұмысқа орналасудың көп сатылы процесінде "транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанатынын" нақтылады. 

"Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары www.job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады. Алаяқтардың тұзағына түсіп, алданып қалмаңыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу