Жыл ішінде дизель отыны 13%, қысқы дизель бірден 31% қымбаттады

239

Биыл қаңтар-қазан айларында елімізде 4,6 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,7 пайызға артық. 

Жыл ішінде дизель отыны  13%, қысқы дизель  бірден 31% қымбаттады Фото: Total.kz

Жалпы, 2021 жылы еліміздегі дизель өндірісі  жыл ішінде  6,6 пайызға артып, 5 миллион тоннаны  құрады, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Биылғы  қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар дизель отынына сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты)  99,3%-ға қамтамасыз етті, жыл бұрын 97,3% еді. Биылғы өндіріс 3,6 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,9%-ға артық.

Дизель отынының импорты 23,8 мың тонна (бір жыл бұрынғыдан 3,9 есе аз), ал экспорты 60,5 мың тонна (3,4 есе аз) болды.

Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық.  Ағымдағы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша дизельдік отын бағасы бір жылда 12,5%-ға өсті.  Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3%-ға арзандаса, қысқысы – керісінше бірден 30,7%-ға қымбаттады.

Дизель бағасы күрт қымбаттаған Ақтөбе облысы, жыл ішінде 27,9%-ға шарықтады.  Абай облысында 24,6% және Шығыс Қазақстан облысында 24,4%  қымбаттады.  Алматы облысында баға 0,5% өсті. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейде қалды. Түркістан облысында дизель отыны 1,8 пайызға арзандады.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезеңіне акциз мөлшерлемесін тоннасына 35,7 мың теңгеден 540 теңгеге дейін төмендету ұсынылған болатын.

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться