"Бізге Сталин керек". Бұл сөздің Қазақстан үшін қаупі қандай?

1965

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

"Бізге Сталин керек". Бұл сөздің Қазақстан үшін қаупі қандай?

Сamonitor.kz: "Бізге Сталин керек". Бұл фразаның Қазақстан үшін қаупі қандай?" деген сауал қояды аталмыш басылым. Бұл мақалада автор саяси шолушы Рахымбек Әбдірахмановтың Кеңес одағынан шыққан елдердің басым көпшілігі неге "мықты жұдырықты" аңсайтынын және бұл фактордың Қазақстанға әкелетін қаупі туралы айтқан ойын жазған.

Саяси шолушының пікірінше, "Сталинизация" ұғымы көптеген посткеңестік елдердің санасына сіңіп қалған, оның ішінде Қазақстан да бар. Қоғамдық көзқарастың транформациясы мәдени-білімдік депопуляция аясында жүріп жатыр. Өйткені білімі аз, ақпаратты жоқ адамды қоғамда бар әділетсіздіктің бәрін авторитарлық жүйе арқылы орнына келтіруге болады деп сендіру оңай. Оған халықтың бүгінгі жағдайын қосыңыз. Олар күллі билікті, қазба байлықты, табысты өндіріс орындарын иемденіп алған "элита" өкілдерімен салыстырғанда, өздерін мақұрым қалғандай сезінеді. Сол себептен олар Сталин сияқты диктатор әділеттікті орнатады деп ойлайды. Ал шын мәніне келгенде диктатор басқарған кездегі элита мен қазіргі элитаның айырмашығы жоқ. Ол кезде де сыбайлас жемқорлық болған, халық аш отырғанда элита тойып секірген.

Олай болса, неге бұрынғыны аңсап, диктаторлардың келгенін насихаттайтындар бар? Мұның артында қандай мүдде тұр?

Саяси шолушының айтуынша, бұл сұрақтарға жауап іздеу барысында, мұндай әңгімені көтеріп жүрген бірқатар интернет ресурсты көруге болады. Оларды кім қаржыландыратыны да анық болып отыр.

"Түпкі мақсат Ресей империясын қайта жандандыру. Кремльдің біртіндеп бұрынғы колонияны құру идеологиясы жолында жасалып жатқан іс-әрекетінің нәтижесін Украина, Грузия, Белоруссиядан көруге болады. Ал Қазақстанның бұл бағдарламадағы орны бір бөлек", –деп санайды шолушы.

Platon.asia: Алдағы болашақта Қазақстан астанасын Түркістан қаласына ауыстыру мүмкін деп жазады аталмыш басылым. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын Назарбаев Түркістан қаласын Қазақстан астанасына айналдырғысы келгенін мойындаған, алайда жағдай келмеген.

Басылым бұл қаланың құрылысына көптеп ақша салынып жатқанын осымен байланыстырып отыр. Оның үстіне Назарбаев "біздің халық" үшін Түркістанды қайта жандандыру маңызды екенін атап өткен. Жуықта ол Түркістан әуежайының, үлкен стадионның, көпфунционалды "Конгресс Холлдың" және Rixos  қонақ үйінің ашылуына қатысты. Тұңғыш Президент Түркістанда түркітілдес елдердің Саммитін өткізуді көздегенін еске түсірді. Енді бұл шара Наурызға қарай өтуі мүмкін.

"Түркістанды дамытудағы мақсат – болашақта бұл шаһарды Орталық Азияның "астанасына" айналдыру деп ойлаймыз. Сол себептен біздің билікке Түркістанды дамыту стратегиялық шаруа болып тұр", – деп жазады басылым.

Kp.kz: Бұл басылымның кезекті санында оқырманның хатына назар аударған. Хат жазған оқырман неге Қазақстанда қала мен ауылдардың атын өзгертуге құмар, одан өзге шешімін күтіп тұрған мәселе жоқ па деген тақырып төңірегінде мәселе көтерген.

Наразылық білдіріп жазылған хат Ақмола облысынан келген. Хатты Зеренді ауданындағы Өзен аулының тұрғыны Анатолий Дербенев жазған. Ол өз жазбасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір сұхбатта айтқан сөздерін келтіреді. Президент өз сөзінде билік елдімекендердегі орыс аттарды өздертуді мақсат етпейді деген. Алайда хат авторының тұрып жатқан ауылының аты өзгертіліпті. Бұрын бұл Раздольный ауылы болса, бұл атау 2018 жылдан бері Өзен деп өзгертілген.

"Мен бұл жерде 1956 жылдан ауыл салынғаннан бері тұрамын. Мен оны жақсы білемін, себебі мен ол кезде 4 сыныпта оқитынмын. Тың игерушілер далаға палатқа құрып, елдімекенді қалай атағанын жақсы білемін. Көптеген жыл өткеннен кейін, мұнда әкімдер келіп, бәрін өздерінше жасағысы келді",–дейді Анатолий.

Оның айтуынша, бұрын Өзен деген өзге Раздольный ауылына қатысы жоқ 5 шақырым жердегі ауыл болатын. Бұл ауылды ешкім келіп, құртқан жоқ. Тек бұл ауылда жарық жоқ болатын. Мұндай келеңсіздіктен шаршаған ауылдың тұрғындары жағдайы бар ауылға көше бастаған...  

Енді бұл жерде туындайтын бір сұрақ бар, деп жазады басылым.

"Неге тарихи әділдік іздеу күресі тек елдімекендердің атын өзгертумен ғана шектеледі? Неге сол жоқ болып кеткен ауылды қайта жандандырмасқа? Жергілікті тұрғындарды жарықпен, сумен, жағдаймен қамтамасыз етпеске?",– деп ой тастайды басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу