Қай әкімнің қанша миллиард борышқа бата алатыны белгілі болды

16767

Алтай Көлгіновке 100 млрд теңгеден астам қарыз алуға рұқсат етіледі.  

Қай әкімнің қанша миллиард борышқа бата алатыны белгілі болды

Қазақстанда мемлекеттік қарызды шектеу шаралары жүруде.

Әйтпесе, Қазақстанның сыртқы қарызы шығандап, 2019 жылы 157,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл мемлекетіміздің бүкіл ЖІӨ-сінің 90,7%-ына тең.

Соның ішінде әкімдер мен мемлекеттік органдар бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы 21,6 млрд долларға немесе 8 трлн 424 млрд теңгеге жеткен және ұлттық валютаның девальвациясымен бірге еселеп өсуде.

Сондықтан ел Үкіметі ең алдымен әкімдер өз ұйымдарына және жергілікті жобаларға тартатын қарыз көлемін шектеуге шешім қабылдады. Осы мақсатта Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" бұйрығының жобасы әзірленді.

Аты айтып тұрғандай, құжат әкімдіктер борышының шектерін белгілейді.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ирғалиевке жүктелмек.

Яғни, егер әлдебір әкім өзіне бекітілген лимиттен шығып кетсе, бас экономист ведомствосы ескерту жасап, бұл жайында жоғарыға хабарлайды.

Бұл ретте, ең үлкен соманы – 101 млрд 366,8 млн теңгені алуға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне мүмкіндік беріледі деп күтілуде.

Одан кейінгі ірі сома – 72 млрд 127,3 млн теңге дотациялық Ақтөбе облысына тиіп отыр.

"Үштікке" 68 млрд 24 млн теңге сомамен Қарағанды облысы енді. Өйткені Қарағанды – Қазақстандағы аумағы және өнеркәсіптік әлеуеті бойынша ең ірі өңір. Оның минералды қазба байлығы мен шикізатын өндіру үшін де несиелік қаражат қажет болады.

Еліміздегі қалған екі мегаполис – Алматы қаласына 64 мрд 206,3 млн теңге, Шымкент қаласына 50 млрд 225,3 мн теңге ғана лимит белгіленуде.

Қай әкімдікке қанша көлемде борышқа батуға жол берілетіні төменгі кестеде көрсетілген.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу