"Самұрық-Энерго" инвестициялық шығындарын қуаттылық нарығында қайтарып алады

3259

Салынған қаражаттарды қайтару Мойнақ, Шардара ГЭС және Екібастұз ГРЭС-2 ұзақмерзімді жобалары бойынша жүргізілмек.

"Самұрық-Энерго" инвестициялық шығындарын қуаттылық нарығында қайтарып алады

"Самұрық-Энерго" өзінің көпжылдық инвестицияларының қайтарымдылығын келесі жылдың бастап жұмыс істей бастайтын Қазақстанның қуаттылық нарығында қамтамасыз етпекші. Бұл туралы мемлекеттік энергетикалық компанияның abctv.kz-тың сауалына берген жауабында айтылған.

"Іске қосылғалы тұрған қуаттылық нарығын аясында "Самұрық-Энерго" АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдары бұған дейін іске асырылған "Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-сін салу", сондай-ақ іске асып жатқан "Шардара ГЭС-сін модернизациялау", "№3энергоблокты орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2 ұлғайту мен қайта құру" (төлем пайдалануға беру мен аттестациядан кейін жасалады) жобалары бойынша өкілетті органдармен ұазақмерзімді инвестиициялық келісім жасау арқылы салынған қаражаттарды қайтарып алуды қаматамасыз етуді жоспарлап отыр", – деп түсіндірілген хатта.

"Самұрық-Энерго" ақпары бойынша, электр энергиясы туралы заңнамаға сәйкес энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызмет көрсетуді электр қуатын түрлендіретін жабдықтар аттестациядан өткеннен кейін ғана іске асырады. Осылайша, қуаттылық нарығына қолда бар түрлендіру қуаттары қатысады. Энергетикалық корпорация қайта енгізілетін қуаттылықтар тек пайдалануға беру мен аттестация өткізілгеннен кейін ғана қатысады деп нақтылады.

"Бірыңғай сатып алушымен бір жылға жасалған қысқамерзімді келісімшарттар  "Самұрық-Энерго" АҚ-ның энергия өндіруші компаниямен электрлік қуаттылықтың орталықтандырылған сауда қорытындылары, сондай-ақ "АлЭС" АҚ-ның электр қуатын түрлендіру жабдығында минималды көлем бойынша жасалады", –деп хабарлады компаниядағылар.  

"Жасыл" ағындар
Мемлекеттік компаниялар мен оның еншілестері ЖЭК-ті қолдауға қанша қаражат жұмсайды деген аbctv.kz-тың сауалына түсініктеме берген "Самұрық-Энерго" компаниясы 2018 жылдың сегіз айында компаниялар тобының "Жаңартылған энергия көздерін қолдау есеп-қаржылық орталық" ЖШС арқылы ЖЭК электр энергиясын сатып алуға шамамен 5 млрд теңге кеткенін айтты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша алдын ала бағалауда аталған шығыстарды 6,8 млрд теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр деп болжайды компания. 

"Самұрық-Энерго" кәсіпорнының еншілестері бірмезгілде биыл "жасыл" энергетика жобаларында жұмыс істей алды.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС және Samruk-Green Energy ЖШС – ЖЭК жобаларынан электр энергияны іске асырудан түскен кірісі 2018 жылдың сегіз айында 3,04 млрд теңге болған. Жалпы 2018 жылы ЖЭК жобаларынан электр энергияны сату есебінен түсетін кіріс 4,744 млрд теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр", – деп көрсетілген хабарламада.

Қазір "Самұрық-Энерго" кәсіпорындарының құрылымындағы жел, күн – ЖЭК және шағын ГЭС-тердегі өндіруі олардың жалпы құрылымдық қуатынан 1,5%. 2017 жылы қазақстандық жасыл энергияның әрбір үшінші киловатт-сағатын электрлік ұлттық компанияның кәсіпорындары өндіреді. "Самұрық-Энерго"-ның 2018-2028 жылдарға арналған ұзақмерзімді стратегияны дамыту бойынша компания жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын стратегиялық инвестормен бірлесіп  "жасыл" экономика қағидасына көшу үшін іске асыруға ниетті деп жазылған хатта.

Дәстүрлі нарықтар
Биылғы жылдың 2 тамызынан бастап "Самұрық-Энерго"-ның Екібастұз ГРЭС-1 еншілес кәсіпорыны "Интер РАО" ЖАК бастамасы бойынша Ресейге электр энергиясын экспорттауды тоқтатты, деп хабарлады ұлттық компания.

"Ресейлік тараптың электр энергияны сатып алуды тоқтатуының себебі – "Интер" ЖАҚ мен "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС арасындағы келісімшарттар аясында өзара қарым-қатынас үлгісін қайта қарау", – деп нақтылады "Самұрық-Энерго".

Бұған дейін "Интер РАО" Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнындағы 50% акционерлік пакетімен қош айтысу ниеті бар екенін туралы хабарлаған болатын.

"Самұрық-Энерго" АҚ-да  "Интер РАО" ЖАҚ-ның СЭГРЭС-2-дегі өзінің акцияларын сату шарттары ме себептері, оның ішінде акцияның құны, сату мерзімі және акцияны сатып алушы туралы ақпараттан беймәлім", –  деп отыр қазақстандық энергокомпания.

"Самұрық-Энерго"-ның "РусАл"-мен серіктестікте тепе-тең бақылайтын "Богатырь Көмір" көмірін Ресейге экспорттаудың көлемі биылғы жылы 2017 жылдың деңгейінде, яғни 10 млн тонна болады деп болжанып отыр. Тиеу бойынша жалпы көлем 44 млн тоннадан артық болады, оның 34 млн тоннасын қазақстандық тұтынушылар алады.

"Биылғы жылы "Богатырь Көмір" ЖШС-ның көмірі "Топар ГРЭС" ЖШС-ға жіберілді. Бұл компания бұрын қазақстандық кеніштің көмірін пайдаланып көрген емес. Жыл басынан бері "Топар ГРЭС" ЖШС үшін 359 мың тонна көмір жөнелтілген. Тап қазіргі уақытта 2019 жылы 500 мың тоннаға дейін көмір жеткізу мүмкіндігі қарастырылуда", – деп мәлім етті компания.

"Самұрық-Энерго" мәліметі бойынша, "Астана-Энергия" тарапынан Богатырь көмірін Астанада жылдық пайдалану көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды.

"Богатырь Көмір" ЖШС-ның көмірін Көкшетауда салыну қарастырылып жатқан ЖЭО-ға жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Егер жобалық құжаттамада келешектегі Түркістандағы ЖЭО-ға "Богатырь" кенішінен отын жеткізу қайта қаралатын болса, онда "Богатырь Көмір" ЖШС көмірін осы станцияға жеткізу мүмкіндігі қосымша қаралатын болады", – деп түсіндірді abctv.kz. сұрағына жауап берген энергетикалық корпорациядағылар.  

Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу