4 облыста автожол қозғалысына шектеу енгізілді

117

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған. 

4 облыста автожол қозғалысына шектеу енгізілді Фото: ҚазАвтоЖол

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО  облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

QazAvtoJol- дың мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болған.

Салдарынан 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жоында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу