banner

4 облыстың диқандары ескі техниканы "қимай" отыр

1190

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісі өтіп жатыр.

4 облыстың диқандары ескі техниканы "қимай" отыр

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында ескі ауылшаруашылық техникасын есептен шығару қарқыны төмен. Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ведомствоның алқа мәжілісінде осындай мәлімет айтты.

"Елбасының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін 5 жыл ішінде кемінде 2,5 есе ұлғайту қажет. Өнімділікті бірінші кезекте техникалық қайта жарақтану арқылы арттыру қажет. 2019 жылы ең төменгі технологиялық деңгей 6% болса, жаңартудың орташа деңгейі 4%-ға жетті. Қарағанды (4,6%), Ақмола (4,5%), Жамбыл (4,4%), Шығыс Қазақстан және Ақтөбе (4,3%) облыстарының техниканы жаңарту деңгейінің қарқыны жақсы екенін атап өту қажет. Алматы және Түркістан облыстарында техниканы жаңартудың төмен қарқыны байқалады", – деген вице-министр республика бойынша есептен шығаруға жататын техниканың үлесі әлі басым екеніне назар аударды.  

"Тозуы 80% құрайтын ескі техниканы есептен шығармай, жаңарту деңгейін көтере алмаймыз, өйткені сатып алынатын техника жалпы парктің ішінде көрінбейді", – деді Айдарбек Сапаров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу