Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы қордағы жинағын түгел шешіп ала алады. Бірақ, бәрі бірдей емес. Бұл жеңілдік тек әскери зейнеткерлерге қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі
Нақтыласақ, Ішкі істер органдары, қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек еткендер қордағы ақшасын иемдене алады. Бірақ, ақша қолма қол берілмейді. Бұл қаржыны баспана сатып алуға және емделуге ғана жұмсай алады. Елде мұндай мүмкіндікке іліккен 78 мыңға жуық азамат бар.
"Олардың жинақталған соммасы 120 млрд теңгені құрайды.Олардың барлығы БЗЖ-дегі зейнетақы төлемдерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұны қолдану үшін ЕНПФ отбасы.кз сайтына кіріп, сол жерде барлық өтінімдерді толтырады. Ары қарай, сайтта көрсетілген ережелер бойынша Отбасы банк сайтына өтіп, қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін сомасын алуға мүмкіндік туады", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдәхмет.
Министрліктегілер бұл жаңашылдық жуырда енгізілген әлеуметтік кодексте көрсетілген десе, сарапшылар ол құжаттан мұндай ақпаратты таппадық,- деп отыр. Сондықтан бұл Үкіметтің өзі қабылдаған шешімі болуы мүмкін,- деп те болжайды. Жалпы, қазір қорда 14 трлн теңге бар. Бұл қаржыны әскерилердің жинағымен салыстырмалы түрде қараса, 120 млрд теңгенің бюджетке еш әсері жоқ. Десе де, экономистер жинаққа қол салуды құптамайды.
"Идеяны 2019 жылы Қарағандылық құрылысшылар ұсынды. Осы идеяның қосылғаны сол компанияларға пайда түсірді. Дәл осы баға еңбегі сіңген адамдардың ақшаны қайда жұмсайтынын қарасақ, қайтадан сол құрылыс компанияларына апарады. Сондықтан, менің ойымша жеке бір лобби деп айтар едім... Бұл келешекте зейнеткерлер қалай күн көреді?!+ балалары асырайды дейді қазақта, бірақ бала шағасының жағдайы қандай болады?! Ол белгісіз Осындай шешімдер жүйенің тұрақтылығына әсер етеді", - дейді экономист Меруерт Махмұтова.