Air Astana-ға 6,7 млрд теңгеге айыппұл салынды

591

Оған әуе компаниясының билет бағасын негізсіз өсіргені себеп болған. 

Air Astana-ға 6,7 млрд теңгеге айыппұл салынды Фото: avianews

Халықтың әуе билеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде қатты сынға алуы аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді.

Агенттіктің мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкереленген. Компанияның әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталып отыр.

“8 маусым күні Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana-ға қатысты 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды”, - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу