Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны қағып кетті

581

Теміржол бойында мал жайғаны үшін 130 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны қағып кетті Фото: polisia.kz

Биыл көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 476 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен – 110, темір жол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты – 281 және басқа да себептермен пойыз жүрісі шұғыл тоқтатылған.

Мәселен, 11 мамырда Ақмола облысы Жамантұз – Бурабай станцияларының аралығында “Петропавл–Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолдағы жылқыларды байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді қолданды.

Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 7 жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 23 минутты құрады. Көкшетау станциясында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жылқылардың иесін, Ақмола облысының 48 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Дәл сол күні Ақмола облысының Сарыоба – Еркіншілік аралығында да осындай жағдай болды. “Астана – Павлодар” бағытындағы электр пойызының астына 5 бас жылқы түсті. Бұл жағдайда да мал иесі анықталып, теміржол жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік полицейлері үй жануарларының иелеріне мұқият болуды және теміржол жолағында мал жаймауды тағы да ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу