Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Jibek Joly арнасындағы "Уәде" бағдарламасында өңірде жылқы шаруашылығы институтын қалыптастыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Негізгі алаң ретінде арнайы мекемені аштық. Совет кезеңінен қалған тәжірибелік станса базасында институт ашып, ұйымдастырдық. Алғашқы мамандар тартылды. Қазір жылқы шаруашылығын жақсы меңгерген профессорлар осы институттан тұрақты жұмыс алды. Енді базаны салу мәселесі қалды. Қазір Үкіметпен бірге база салынатын орынды таңдадық. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап кеттік. Келесі жылы толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Асхат Шахаров облысқа арнайы шақыртылған ғалымдарға үлкен сенім артылып отырғанын айтты.
– Шақырған профессорларымыз жұмысты қажетті деңгейде атқарып берсе, төл тұқымды әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік болады, – деді әкім.