Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталды

131

Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталып жатыр. 

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталды Фото: Азаттык

Осы жұмыстар басқа су басқан өңірлерде де жалғасын таппақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Апаттан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу мақсатында келесідей қосымша механизмдер әзірленді. Олар – әкімдіктермен дайын пәтерлер сатып алу, зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы, әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу. Сонымен қатар жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетілетін болады", - деді ведомство басшысы.

Бүгінгі таңда әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жалғастырды ол.

"Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталып жатыр. Бұл жұмыстар басқа да өңірлерде жалғасатын болады", - деді Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу