Алматыда әлемнің үздік хирургтары тікелей эфирде бірегей операциялар жасады

167

Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген дәрігерлер мен мамандар үздік сарапшылардың егжей-тегжейлі түсініктемелерімен тікелей эфирде 15 жоғары технологиялық операцияны қадағалады. 

Алматыда әлемнің үздік хирургтары тікелей эфирде бірегей операциялар жасады Фото: ДСМ

Алматыда "Салауатты ұрпақ - Қазақстан болашағы" атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның басты оқиғаларының бірі болған Live-surgery халықаралық мастер-кластар өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Операциялардың қатарына плацентаның өсуі кезінде жатырды сақтау бойынша сирек араласулар, V-NOTES аз инвазивті технологиялары, 18 апта мерзімінде ұрық-акардиустағы тамырлардың фетоскопиялық лазерлік коагуляциясы, сондай-ақ итальяндық әріптестерімен бірлесіп жүргізілген балалардағы туа біткен жүрек кемістіктері хирургиясының аса күрделі жағдайлары жатады.

Мұндай мастер-кластар қазақстандық мамандарды практикалық оқытудың және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасудың маңызды элементіне айналуда.

Конференция Қазақстаннан, Ресей, Үндістан, Италия, Қытай, Израилден және басқа елдерден үздік дәрігерлердік, ғалымдар мен сарапшылардык қатарынан 600-ден астам қатысушыны біріктірді. Конференцияның құрметті спикерлерінің арасында медицина саласындағы үздік мамандар сөз сөйледі.

ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин репродуктологияда жасанды интеллектті қолдану туралы баяндама жасады. РҒА профессоры Роман Шмаков (МОНИИАГ, Мәскеу) акушерліктегі тромбоэмболиялық асқынулар тақырыбын, ал профессор Рена Зинченко (Бочков атындағы ММҰО, Мәскеу) - педиатриядағы тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау мәселелері.

Медицина ғылымдарының кандидаты Елена Андреева (МОНИИАГ) ұрықтың ауытқуларын ерте анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеу мүмкіндіктері туралы айтты. Валье-де-Лили клиникасының (Колумбия) профессоры Альбаро босанғаннан кейінгі қан кетуді тоқтату әдістері туралы, ал Шарбель Саэд (Agilent Technologies, Франция) заманауи геномдық технологиялар туралы баяндама жасады.

Конференция медициналық біліммен алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы дамудың жоғары деңгейін растауға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу