Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды

505

Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды

Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 12 қыркүйекке қараған түні қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушы жоғалып кеткен.

"Қоңырау 102 пультіне қыздың анасынан түнгі 01:40 минутта келіп түскен. Әйелдің айтуынша, қызы жанжалдан кейін үйінен шығып кеткен. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын ескеріп, арнайы іздестіру тобы құрылды. Абырой болғанда, қыз табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды", – деді аталған бөлімшенің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Спикердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы мен себептерін егжей-тегжейлі зерделеу барысында отбасының жақсы екендігі анықталды. Олар Алматы қаласында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу