"Артында 7 баласы қалды": Түркістан облысында ер адам Атырауға көмек жіберіп жатқанда қайтыс болды

11829

Түркістан облысының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлының артында жары мен 7 баласы, мүгедек інісі қалған. Ол туралы журналист Диас Нұрақын жазды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Артында 7 баласы қалды": Түркістан облысында ер адам Атырауға көмек жіберіп жатқанда қайтыс болды Фото: Facebook парақшадан

Атырауға гуманитарлық жүк артып жатқанда қайтыс болған азаматты жерлеу рәсімі өтті.

"13 сәуір күні Атырауға көмекке аттанғалы жатқан бауырымыз Хово жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойып, 7 баланың әкесі 37 жастағы Қоспанов Қайырбек Әлімбекұлы деген бауырымыз қайтыс болды. Бала күнімнен бірге өскен, әрі көршім, әрі досым еді. Өте мейірімді, кімге көмек қажет болса қол ұшын созуға асығып тұратын азамат еді. Соңғы іс-әрекеті де елі үшін көмекке асығу болды. Көмекке аттанар алдында өте қуанып жүр еді, жақсы тілектер айтып шығарып салып едік, амал нешік жете алмады", – делінген журналистке келген хатта.

Ынталы ауылының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлын жерлеу рәсімі бүгін өтті. Марқұмның жолдасы Сара есімді келіншек 7 баламен жесір қалғанын айтады.

"Бүгін жерледік. Қолымда екі қайным бар. Біреуі үшінші топтағы мүгедек. Балаларымның үлкені - 16 жаста. 10-сыныпта оқиды. Ал ең кенжем 2 жаста", – дейді әйел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу