Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты

347

Екі жасөспірім ауыр халде жатыр.

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты Фото: Аtpress.kz

Қайғылы оқиға 21 тамызда кешкі уақытта республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 635-шақырымында болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz Аtpress.kz порталына сілтеме жасап.

"Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда сағат 19:30 шамасында Toyota Prada және Lada Granta көліктері соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada Granta көлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен Toyota Prada көлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Белгілі болғандай, ауруханаға жеткізілген екі жолаушы ата-аналарымен бірге апатқа ұшыраған жасөспірімдер болып шықты. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр деп бағалап отыр.

"Ағалы-қарындасты екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олардың біріне кеше ота жасалды, екіншісіне бүгін ота жасалады, екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр", деді дәрігерлер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу