Австралия Ресейге қарсы санкция енгізеді

852

Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің сегіз мүшесіне елге кіруге тыйым салынады.

Австралия Ресейге қарсы санкция енгізеді

Австралия Премьер-Министрі Скотт Моррисон Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағаны үшін Ресейге қарсы санкциялар салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Моррисон Ресейдің әрекеттерін орынсыз деп атап, бұған жауап ретінде бірқатар ресейлік тұлғаға шектеу жарияланатынын атап өтті.

"Біз Қырым мен Севастопольге қатысты салынған санкцияларды Донецк және Луганск аймақтарына да қарсы қолданамыз. Алдымен біз Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің сегіз мүшесіне Австралияға кіруге тыйым салып, оларға қарсы қаржылық санкциялар жариялаймыз", – деді ол.

Еске сала кетсек, 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу