banner

Биылғы жылыту маусымында 72 млн тоннаға жуық көмір тасымалданды – ҚТЖ

496

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылыту кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға өскен.  

Биылғы жылыту маусымында 72 млн тоннаға жуық көмір тасымалданды – ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Теміржолшылар 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында (2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы 20 сәуірге дейін) Қазақстан бойынша 72 млн тоннаға жуық тас көмір тасымалдады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚТЖ желісі бойынша тұрғындар үшін 9,4 млн тонна қатты отын жеткізілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артық. Еліміздің жылу электр орталықтарына 62,4 млн тоннасы жеткізілді. Ең жоғары кезеңде (қыркүйектен желтоқсанға дейін) көмір кен орындарымен қатты отын тиеу 40%: ай сайын 5 млн-нан 7 млн тоннаға дейін артады", делінген хабарламада. 

Жылыту маусымы басталғаннан бері ҚТЖ мен ҚР ИИДМ-де стратегиялық жүктерді тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штабтар, ҚТЖ-да жұмыс тобы тәулік бойы жұмыс істейді. Топ Қазақстанның барлық облыстарына разрездерден көмірді тиеп-жөнелтудің тәуліктік мониторингін жүргізеді, бос вагондардың разрезге берілуін болжайды, әрбір станциялардағы көмір тұйықтарында жүк түсірудің жеткізілудің барысын бақылайды.

"Қатты отынды тасымалдау үшін "Қазтеміртранс" АҚ паркінің 17 мыңнан астам жартылай вагоны жұмылдырылған, оның ішінде 8,7 мыңнан астамы жылу электр орталықтары үшін, ал 8,6 мыңнан астамы тұрғындар үшін көмір жеткізеді.

Теміржолшылар 2023-2024 жылдардағы жылу маусымына белсенді дайындалуға шақырады. Біпкелкі тиеуді қамтамасыз ету үшін өңірлерге коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеудің егжей-тегжейлі жоспарын және ЖЭО қажеттілігі үшін тасымалдау жоспарын алдын ала пысықтау қажет", делінген ҚТЖ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу