БҚО әкімдігі жоғары білімі бар кадрларды даярлауға грант бөлді

544

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

БҚО әкімдігі жоғары білімі бар кадрларды даярлауға грант бөлді Фото: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоғары оқу орындарына түсушілерге жергілікті бюджет есебінен грант бөлді, деп жазады inbusiness.kz

Әкімдік жергілікті бюджет есебінен жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысын алған ЖОО тізімін жариялады.

Университет атаулары мен бөлінген грант туралы ақпаратты облыстық әкімдіктің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

ЖОО қабылдау комиссиялары грант бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдауды бакалавриат үшін 10-15 тамыз аралығында,  резидентура үшін 24-25 тамыз аралығында жүргізеді.

Қосымша мәлімет алу үшін 26-05-04 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу