БҚО тұрғыны 10 күн ішінде 139 рет жылдамдық режимін бұзған

457

Айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады. 

БҚО тұрғыны 10 күн ішінде 139 рет жылдамдық режимін бұзған Фото: google

Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол  көлігін базалар бойынша есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған.

БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.

Автокөлік  арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу