Brent баррелі 5%-ға қымбаттады

516

Ресейдегі өндірістің азаюы мұнай жеткізілімінің құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін.  

Brent баррелі 5%-ға қымбаттады

Лондондағы ICE Futures биржасында эталон сұрыпты мұнайдың бағасы көтерілді, деп хабарлайды inbusines.kz.

Ресми дерек бойынша, Brent бағасы 5,23 долларға өсіп, 103,15 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 4,69%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі 97,98 долларға саудаланып жатыр. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамына сәйкес, Ресей санкциялар мен шетелдік сатып алушылардың оның мұнайынан бас тартуына байланысты сәуір айында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 3 миллион баррельге қысқартуы мүмкін. Артынан Ресейдегі өндірістің азаюы мұнай жеткізілімінің құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін.

ОПЕК+ елдері арасында тек Сауд Арабиясы мен БАӘ-де жеткізілімнің қысқаруының салдарын тежей алатын резервтік мүмкіндіктер бар. Ливия Премьер-Министрі Абдул Хамид Дбейба ОПЕК елдерін мұнай бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін өндірісті арттыруға шақырып отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться