Екібастұзда автокөлік банкоматқа соғылды

584

Қазір полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.  

Екібастұзда автокөлік банкоматқа соғылды Фото: pavlodarnews.kz

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурызда сағат 07.50 шамасында М. Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан Lada маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей BMW көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан екінші көлік ғимаратта орналасқан банкоматтардың қоршауына барып  соғылған", – деп хабарлады департамент өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу