Елімізде ХҚКО 3 күн жұмыс істемейді

478

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан хабарлады.  

Елімізде ХҚКО 3 күн жұмыс істемейді Фото: aikyn.kz

Мерекеге байланысты еліміздің ХҚКО-лары мен МХҚО-лары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қажетті қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.

6 мамыр сенбі күні кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар - 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу