Еуроодақ Қазақстаннан балық өнімдерін сатып алатын болды

507

Бұл жаңалықты Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлемуеттік желідегі парақшасында жариялады.  

Еуроодақ Қазақстаннан балық өнімдерін сатып алатын болды Фото: facebook/Ербол Қарашөкеев

Еуроодақ Қазақстаннан балық өнімдерін сатып алатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Отандық балық өнімдері енді Еуропа тұтынушыларының үстелінен жиі табылатын болады. Екі апта бұрын Брюссельге жасаған сапарым кезінде ондағы Еурокомиссарлармен іскерлік кездесулер туралы айтқан едім. Біз Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық балық өнімдерін жеткізу туралы келіссөздер жүргізген едік. Нәтиже бар. Бүгін Еуропалық комиссия қазақстандық ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімін қалпына келтіру туралы ниетін жеткізді. Бұл дегеніміз 15 наурыздан бастап қазақстандық компанияларды Еуроодаққа экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енгізу рәсімін қайта бастайды. Бұл тізімде 17 отандық мекеме бар", – деп жазды министр.

Сонымен қатар министр Еуропаға бал өнімдерін шығауға қатысты жоспарларымен бөлісті.

"Ендігі кезекте бал өнімдері тұр. Еуропалық комиссия бал туралы сауалнама жіберді. Егер барлық талаптар мен стандарттар сәйкес келсе, онда отандық омарташылар үшін де Еуропа нарығы ашылады деген сөз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу