Gosagro.kz: Министрлік фермерлердің тыңайтқыштарға субсидия ала алмау себебін түсіндірді

441

Gosagro.kz порталында минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдер қабылдау  1 ақпаннан 1 желтоқсанға дейін, ал пестицидтерді субсидиялау 1 сәуірден 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.  

Gosagro.kz: Министрлік фермерлердің тыңайтқыштарға субсидия ала алмау себебін түсіндірді Фото: Eldala.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өтінімді беру үшін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен бекітілетін субсидиялардың тізбелері мен нормаларын бекіту қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдер тек Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Павлодар және Түркістан облыстарында қабылданады және төлемдер жүзеге асырылады. Алдағы күндері Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында өтінімдерді қабылдау басталады. Қалған өңірлерде әкімдіктер әлі қаулыларды  қабылдаған жоқ.

Пестицидтерді субсидиялау бағдарламасын ашуға келетін болсақ, бүгінде Қостанай облысының әкімдігі ғана тиісті қаулы қабылдады, 18 сәуірден бастап осы өңірде өтінімдерді қабылдау басталады. Бұл ретте, министрлік нормаларды осы жылдың ақпан айында келіскен болатын", делінген министрлік мәліметінде.

Осылайша, субсидиялау бағдарламаларын іске қосудың жалғыз тежеуші факторы - жергілікті атқарушы органдардың бекітілген қаулыларының болмауы болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу