Қарағанды облысында жауын-шашын әсерінен егін орағы кешеуілдеп жатыр

377

Егін жинау кезінде туындайтын проблемаларды жедел шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Қарағанды облысында жауын-шашын әсерінен егін орағы кешеуілдеп жатыр Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында егін жинау жалғасуда. Барлық жерде жүргізілетін жұмыстарды қыркүйектің бірінші онкүндігінде жауған жауын-шашын қиындатуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Астықтың жоғары ылғалдылығына байланысты бүгінгі күні оны кептіру мәселесі өзекті болып тұр. Аппараттық кеңесте егін жинау туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин баяндады.

– Біз барлық астық кептіргіштерді барынша пайдаланудамыз. Олардың саны 48. Сондай-ақ, кейбір шаруалар қосымша кептіргіштер сатып алуда, – деп атап өтті Саят Мусин. – 18 қыркүйектегі жағдай бойынша 319 мың гектар бастырылды, 206,5 мың тонна астық өндірілді. 2814 гектар алқаптан 54,9 мың тонна картоп жиналды. 276 гектар алқаптан 8,0 мың тонна көкөніс жиналды.

Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асановтың төрағалығымен өңірде шығынды азайту және егін жинау кезінде туындайтын проблемаларды жедел шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев егін жинау жұмыстарын оңтайландыруды және әрбір "құрғақ" күнді тиімді пайдалануды тапсырды.

– Ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдеріне егінді уақтылы жинау үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев. – Әкімдіктер дизель отынын іріктеу бойынша жұмысты жеделдетіп, келесі жылға тұқымға деген қажеттілікті анықтауы қажет.

Айта кету керек, биылғы жылы дәнді дақылдардың ауданы 993,2 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 73,3 мың гектарға артық. Егін жинау науқанына 2095 астық жинайтын комбайн жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу