Қазақстан қор биржасында доллар 454-459 теңгеден саудалануда

925

KASE-дегі таңғы сауда-саттық кезінде валюта бағамы минут сайын өзгеруде. Сағат 11:00-дегі мәлімет бойынша доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 455 теңгеге жетті, деп жазды inbusiness.kz.

Қазақстан қор биржасында доллар 454-459 теңгеден саудалануда

Теңге бағамы құлдырап, мұнай бағасы 100 доллардан асып кетті. Айта кететінін Ресей мен Украина шиеленісі ұлттық валютамызға орасан зор қысым көрсетуде. 

Алматы мен Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар сағат 11:00-дегі мәлімет бойынша орта есеппен 450-456 теңгеден сатылуда.

Еске сала кетсек, KASE "техникалық себептермен" қор нарығындағы сауда-саттық сағат 12.00-де ашылатынын хабарлады. Валюталық сессия, биржаның мәліметі бойынша, ашық, бірақ сауда-саттық басталған сәттен бастап 25 минут ішінде тек бір транзакция өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу