Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын бес есе арттыруды жоспарлап отыр

771

Орталық коммуникациялар қызметінде көлік-транзит әлеуетін дамыту тақырыбында жиын өтті. Онда теміржол желілерін жетілдіру жолдары айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын бес есе арттыруды жоспарлап отыр

"Қазақстан темір жолы" компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуы бойынша, "Достық-Мойынты" теміржол дәлізін жаңғырту жобасы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына енгізілді. Оны іске асыру жүктерді тасымалдау жылдамдығын және Қытай – Еуропа – Қытай транзиттік дәлізі бойынша теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін бес есеге арттырады.

Бұдан басқа, компания Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісі мен Алматы станциясын айналып өтетін Жетіген – Қазыбек Бек айналма теміржол желісін салуды жоспарлап отыр. 

"Дарбаза-Мақтаарал желісі Сарыағаш мемлекетаралық түйісу пункті мен Ташкент торабында инфрақұрылымдық шектеулерді "кестелеуге" мүмкіндік береді. Жетіген-Қазыбек Бек айналма жолы жүк ағынын қайта бағдарлау есебінен Алматы торабының жүктемесін кемітуді қамтамасыз етеді және жүктерді жеткізу уақытын қысқартады", – дейді Әлмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу