Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істеуге ниет білдіргені белгілі болды

1246

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің ресейліктерді жұмысқа орналастыруға шектеулер мен арнайы тыйым салу туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz              

Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істеуге ниет білдіргені белгілі болды

"Біріншіден, біз Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде өмір сүріп жатырмыз, келісіміміз бар. Келісімге сәйкес, қазақстандық қызметкерлер Ресейге рұқсатсыз барып, жұмыс істей алады, ресейлік қызметкерлер, жастар да осында рұқсатсыз келе алады", - деді ол.

Бірақ, келісімшартта 97-бап, яғни елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін жағдай болса, онда мемлекет шектеулер қоюға құқылы, деп еске салды министр.

"Алдыңғы күні Қазақстанда жұмыс істегісі келетіндерін жазған 6508 адам болды. Бүгін олардың саны 5300-ге азайды. Яғнм 1200-і кеміді. Сондықтан, егер біз күткен шектен асып кетсе, онда шектеулер қойылады деп ойлаймыз. Сандар күн сайын өзгеріп отырады", - деп түйіндеді Тамара  Дүйсенова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу