Қазақстандық фермерлерге 110 млрд теңге субсидия төленді

419

Субсидиялауға 131 227 өтінім берді. 

Қазақстандық фермерлерге 110 млрд теңге субсидия төленді Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері gosagro.kz порталы арқылы субсидиялауға 131 227 өтінім берді. 29 811 өтінімді қараудан бас тартылды. 127,8 млрд теңгеге 51 699 өтінім мақұлданып, "күту парағына" орналастырылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары қазынашылық жүйесі арқылы төлейді. Бүгінгі таңда фермерлерге шамамен 110 млрд теңге төленді.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 47 млрд теңгеге өтінім мақұлданды, бүгінде оның 41,4 млрд теңгесі төленді. 

Жалпы, былтырғы жылғы қарыздарды ескере отырып, СБМАЖ жүйесі арқылы 184,4 млрд теңге төленді.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 256,3 млрд теңгеге 12 490 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығы басқармаларымен мақұлданып, 64,7 млрд теңге сомасын құрайтын 3 014 өтінім резервке жіберілді.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларының бірыңғай резервіне 103,5 млрд теңгеге 4 936 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ұсыныстар енгізілді. Ережеге сәйкес бұл ұсыныстарға қол қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалған соң қойылатын болады. Келісілу мен қол қою сатысында резервтен 2 317 шарт бар. 1 355 шартқа қол қойылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда СБМАЖ-ға  55 389 пайдаланушы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу