Қосшыда көршісінің 20 млн теңгесін ұрлаған тұрғын ұсталды

401

Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленген.

Қосшыда көршісінің 20 млн теңгесін ұрлаған тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Полицейлер көршілерінің үйінен 20 млн теңге ұрлаған ақмолалықты "ізін суытпай" ұстады, – деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, ол бір жыл бойы 20 млн теңге көлемінде ақша жинап, жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні өтініш берушінің өзі де, отбасының басқа мүшелері де үйде болмаған, ал оқиға болған жерді тексеру барысында қандай да бір бұзып кіру іздері табылмады, күдікті үйге кілттердің телнұсқасын пайдаланып кірген. 

Ұрлық фактісін полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келесі күні Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің көршісін Қарағанды қаласының аумағында қолға түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу