ҚТЖ желісі бойынша сегіз айда 169 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

610

Республикаішілік тасымалдар 3%-ке өсіп, 112,6 млн тоннаға дейін ұлғайды. Экспортқа 56,6 млн тонна жүк жөнелтілді.

ҚТЖ желісі бойынша сегіз айда 169 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде тиеу 169 млн тоннадан асса, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ке артық, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

8 айда 70,7 млн тонна тас көмір тасымалданса, бұл өткен жылдың деңгейінен 4,5%-ке жоғары. Оның ішінде ел бойынша – 48,5 млн тонна, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2%-ке жоғары. Қатты отын экспорты 10%-ке, яғни 22 млн тоннаға дейін өсті.

Астық тасымалдау көлемі 5,3 млн тонна деңгейінде, оның ішінде экспортқа 4 млн тоннасы жөнелтілді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша химиялық тыңайтқыштарды тиеу 5,2%-ке (2,7 млн тонна), мұнай жүктерін – 4,7%-ке (12 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін тиеу 3,6%-ке (10,6 млн тоннаға дейін) өсімді көрсетті.

Темір және марганец кендерін тиеу 13,6 млн тоннаны, түсті кенді тиеу 15 млн тоннаны құрады.

2022 жылғы тамызда 21,7 млн тоннадан астам жүк тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу