Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға шығарылды

1280

Көлік оқ өткізбейтін металмен брондалған.  

Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға шығарылды Фото: kolesa.kz

Аталған Mercedes-Benz 600 SEL көлігі 25 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusines.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, Kolesa.kz порталында 1993 жылғы Mercedes-Benz S-Class көлігінің қызықты көшірмесі табылды. Көлік тұтынушылардың назарын бірнеше ерекшелігімен өзіне аударған. Біріншіден, темір тұлпар сайттағы 25 миллион теңге тұратын ең қымбат дәл осы маркадағы көліктің бірі және сол жылдармен салыстырғанда бағасы орташа көрсеткіштен 6 есе қымбат. Екіншіден, седанның жүрісі 29 жылдан аса мерзімде бар болғаны 37 930 шақырымды құрайды екен.

Бұл көлік туралы одан да қызық ақпарат бар. Сатылымға қойған қазіргі иесінің айтуынша, Mercedes-Benz бұрын 01 KZ мемлекеттік нөмірінде болған, яғни кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мінген екен. Жарнама авторы өз сөзін растау үшін тіркеу базасына скриншотын салып, сондай-ақ аталған мәліметті Қазақстанның бұрынғы президентінің Mercedes көлігімен түскен мұрағаттық фотосуретімен растаған.

Сұр түсті былғары салоны бар көлікте 408 аттың күші бар. Сондай-ақ теміртұлпар адамды түрлі қауіпті жағдайдан қорғайтын көрінеді. Өйткені оқ өткізбейтін металмен жабдықталған.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться