Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

443

Жол-көлік оқиғасы Павлодар - Қызылорда автожолының 244-ші  шақырымында орын алған, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы қаза тапты Фото: Павлодар облыстық ПД

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпан күні Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

– Салдарынан Павлодар тұрғындары - Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, – дейді департаментте.

Сондай-ақ Mercedes көлігінің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы, Lexus автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз  қаласының ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып  тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу