Ресей мен Еуропа тайталасынан Сирия гуманитарлық көмексіз қалды

324

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу бағдарламасын ұзарта алмады. 

Ресей мен Еуропа тайталасынан Сирия гуманитарлық көмексіз қалды Фото: RT

Оның мерзімі 9 шілдеде аяқталды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Отырыс сейсенбіде Нью-Йоркте өтті. Ресей Бразилия мен Швецияның солтүстік-батыс Сирия аймағына гуманитарлық жүктерді жеткізудің трансшекаралық механизмін тоғыз айға ұзарту туралы қарарының жобасын бұғаттады.

Ал Ұлыбритания, Франция мен АҚШ өз кезегінде осы мәселе бойынша ресейлік қарар жобасына вето қойды.

Трансшекаралық көмек көрсету жолы 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жүктерді жеткізу Түркиядан Баб-эль-Хава бақылау бекеті арқылы Идлиб провинциясының көтерілісшілер ұстайтын аудандарына құрлық арқылы жүзеге асырылды. Бұл Сирия-түрік шекарасында ашылған жалғыз бақылау бекеті.

Мәскеу бұл механизмді Дамасктің егемендігін бұзады деп санайды, олар ел ішінен —  Асад үкіметінің бақылауындағы аумақтардан жеткізуді ұйымдастыруды ұсынады.

Енді Қауіпсіздік Кеңесі тағы бір ортақ шешімге келуге мәжбүр болады. Әйтпесе, азаматтық соғыстан зардап шеккен елдің 4 миллионнан астам тұрғыны одан да қиын жағдайға тап болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу