Ресейліктерге шекараны жауып тастасақ, өзімізге құрметіміз қала ма? – Жұманғарин

585

Сауда министрлігі ресейліктер мыңдап ағылып жатқанына қарамастан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде береді. 

Ресейліктерге шекараны жауып тастасақ, өзімізге құрметіміз қала ма? – Жұманғарин

Сенат кулуарында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz                   

"Біздің тауар айналымымыздың 40%-ы Ресейден келеді, бұл адамдар да Ресейден келді. Бұлар бауырлас халық. Қиын жағдайға тап болған. Осыдан 80 жыл бұрын біздің аталарымыз майданда бірге болды. Енді оларға шекара жабық, келмеңдер деуіміз керек пе? Мұнымыз қалай болады? Біз бұдан кейін өзімізді құрметтей аламыз ба? Біз мейірімді, қонақжай халықпыз. Кезінде жүз түрлі этносты қабылдағанбыз", – деді ол.

Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сендіреді,

"Бұған алаңдамаңыздар. Азық-түлік көліктерін шекарадан өткізуді тездетеміз. Дүйсенбі күні Өзбекстанда, одан бұрын Қырғызстанда азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша сөйлестім. Келісімдерге қол қоямыз. Кеше Пәкістанның сауда министрімен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша кездестім. Бұл бағытта үнемі жұмыс жүріп жатыр", – деп түйіндеді Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу