ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видео теріске шығарылды

405

Бұл өтініш КАЖД-да тіркелді.   

ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видео теріске шығарылды Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде жазасын өтеп жатқан сотталушыны ұрып-соғуға қатысты видео тарады. Polisia.kz-те ондағы кадрларға түсінік берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әлеуметтік желілерде сотталған адамды ұрып-соғуға қатысты видео тараған болатын. ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖД) №16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. есімді сотталған әкімшілік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы айтқан.

Бұл өтініш КАЖД-да тіркелді. Алайда оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы сотталғанды тексеру кезінде дене жарақатын таппады. Тексеру процесі видеотіркегішке түсірілді.

Сұрау барысында А. есімді сотталған видеода өзге сотталғандар көрсетілгенін, ал ол 9 жыл бұрынғы бейнероликті өз мүддесі үшін пайдаланғанын түсіндірді. Сондай-ақ ол жеке оның тарапына заңсыз әрекеттер жасалмағанын түсіндірді", - делінген полиция дерегінде.

Портал мәліметінше, сотталған адамды ұрып-соғуға қатысты видео 2014 жылы түсірілген. Оны жазасын өтеушілер өзара тұрмыстық жанжал кезінде түсірген. Сол кезде қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша, кінәлі сотталғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта видеодағы жәбірленушінің әкімшілікке қатысты талабы жоқ.

"Осы жылдың сәуір айында А. есімді сотталған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған. Бостандыққа шыққалы бері құқық қорғау органдарына азаптау туралы өтініш білдірмеген", - деп нақтылады полициядан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу