banner

Швецияда жұмыс істегісі келген шымкенттік сан соғып қалды

623

Шымкент қаласының тұрғыны Швецияда жүк көлігінің жүргізушісі болып орналасу үшін алаяққа 1 млн 842 500 теңге берген.  

Швецияда жұмыс істегісі келген шымкенттік сан соғып қалды Фото: otyrar.kz

Тәртіп сақшылары 43 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz Oтырар телеарнасына сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған Швецияда жүк көлігінің жүргізушісі болып орналастыруға уәде беріп, одан 1842500 теңге алған. Арада біраз уақыт өткенімен "жұмыс табушы" уәдесінде тұрмаған әрі ақшаны қайтармаған көрінеді.

Аталған жайт ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық дерегі) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 43 жастағы ер адамның бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болғаны белгілі болды. Бүгінгі таңда ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу