Шымкентте такси жолаушысынан 30 млн теңгенің есірткісі табылды

411

Күдікті Алматы қаласының аумағында ұсталды.

Шымкентте такси жолаушысынан 30 млн теңгенің есірткісі табылды Фото: Polisia.kz

Шымкентте таксиде отырған адамнан 30 миллион теңгенің есірткісі табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аса ірі көлемде синтетиканы қалааралық такси жолаушысы Алматыдан алып келе жатқан. Жігіттің күдік тудырған әрекеттері туралы полицияға жүргізуші хабарлады. Бұл туралы сезіктенген есірткі курьері жақын маңдағы бағдаршамда көліктен шығып, белгісіз бағытта бой тасалаған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның көліктің жүк салғышында қалған сөмкесінен скотчпен оралған үлкен орама ішінде ұнтақ салынған үш пакетті тапты. Сараптама тәркіленген заттың массасы 1,5 келіге жуық мефедрон психотроптық есірткі екенін растады.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні Алматы қаласының аумағында анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу