Шымкентте жасөспірім скутермен апатқа ұшырап қаза тапты

221

Ол оқиға орнында көз жұмды.

Шымкентте жасөспірім скутермен апатқа ұшырап қаза тапты Фото: polisia.kz

Шымкентте 9 қараша күні 16 жастағы скутер жүргізушісі жол апатына ұшырап, қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 қарашада Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Скутерді кәмелетке толмаған бала жүргізіп келе жатқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу