banner

"Солтүстік–Оңтүстік" дәлізінде Бірыңғай логистикалық оператор құрылады

481

Бұл туралы  inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Солтүстік–Оңтүстік" дәлізінде Бірыңғай логистикалық оператор құрылады Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

"TransRussia 2023" көлік-логистикалық қызметтердің 27-ші халықаралық көрмесі аясында "KTZ Express" АҚ, "РЖД Логистика" АҚ және "Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы" ААҚ арасында тасымалдауды дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды.

Бірлескен кәсіпорын мақсаты "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытында Бірыңғай логистикалық оператор құру болады, делінген ҚТЖ хабарламасында.

Меморандумға "KTZ Express" АҚ Бас директоры Қайрат Утяпов, "РЖД Логистика" АҚ Бас директоры Дмитрий Мурев және "Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы" ААҚ бас директоры Мердан Бяшимов қол қойды.

Тараптар бәсекеге қабілетті тарифтік ставкаларды қалыптастыру және Ақсарай, Озинки, Болашақ, Инче-Бурун, Серахс шекаралық өткелдерінің қатысуымен Қазақстаннан, Ресейден, Түрікменстаннан Иранға, Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне және Азия-Тынық мұхиты өңіріне жүктерді "үзіліссіз" тасымалдау үшін өз құзыреттерін біріктіруге келісті.

Қазақстан үшін "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі Иран мен Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытудағы басты өсім нүктелерінің бірі болып табылады. Қазақстандық жүк жөнелтушілер атап өткендей, осы құрлық дәлізінің Қазақстан аумағы арқылы айқын артықшылығы жүктерді жеткізудің жоғары жылдамдығы және тасымалдауда барлық ауа райының қолайлылығы болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу