Студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі

694

Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі Фото: vidhyarthidarpan

Cондай-ақ магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға көбейеді. Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары да басты назарда.

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 5 500 орындық 9 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарға енгізілген. Бұған қоса, жатақханаларды қайта жөндеу және салу ісі МЖӘ тетігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу