Су басқан өңірлерде қанша үй тұруға жарамсыз?

149

Бүгінгі таңда бірнеше аймақта технологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. 

Су басқан өңірлерде қанша үй тұруға жарамсыз? Фото: ҚР ТЖМ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі үйлерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құлсары қаласында 2700-ден астам үйді су басты. Олардың көбінен су әлі кетпеді. Петропавлда 2 мыңға жуық үйлер су астында қалды, су әлі кеткен жоқ. Қазіргі таңда жұмыстарды екі мәселеге бөлдік. Су басқан бірнеше өңірде – Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облысында технологиялық тексеру жүргізіп жатырмыз. Басқаларды су кеткеннен кейін қараймыз. Мысалы, Ақтөбе облысының жартысында техникалық тексеру жасалды. Су басқан 1176 үй бар, олардың ішінде 537-сі жарамсыз, оны қайтып тұрғызу қажет болады", - деді ведомство басшысы Үкіметте өткен брифингте.

Сөзінше, осы жұмыстар жалғасын табады.

Айта кету керек, осыған дейін  Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу