Тоқсаннан астам ұлытаулық қайтарымсыз грантқа ие болды

251

2023 жылы Қазақстанда бизнес-идеяларды іске асыру үшін барлығы 9 мың грант беру жоспарланған болатын. Бұл ретте жыл басынан бері 9 102 грант берілді. 

Тоқсаннан астам ұлытаулық қайтарымсыз грантқа ие болды Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Биыл Ұлытау облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға 92 грант беру жоспарланған. Бүгінгі күні барлық жобаға қатысушылар мемлекеттен қолдау алып, өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға кірісті.

Ұлттық жобаға қатысушылардың бірі Қаражал қаласының тұрғыны 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грантты "Тазартылған ауыз су ұсыну" бизнес жобасына алды.

Тағы бір сәтті мысал ретінде Жезқазған қаласының тұрғыны, логопед-дефектологты айтуға болады, жеке практиканы жүзеге асыру үшін ол да 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

Бөлінген қаражатқа логопед қажетті құрал-саймандар мен жабдықтар сатып алып, "Нұр бала" балалар түзету орталығын ашты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанда бизнес-идеяларды іске асыру үшін барлығы 9 мың грант беру жоспарланған болатын. Бұл ретте жыл басынан бері 9 102 грант берілді.

Келесі жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға гранттар беру жөніндегі шара өз жалғасын табады. Жоспарға сәйкес 9 мың грант беру қарастырылған. Ол туралы тиісті хабарландырулар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ресми интернет-ресурстарында өтініштерді қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу