Түркістан облысында аңға шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

544

Іздеу жұмыстарына 100-ге тарта адам жұмылдырылды. 

Түркістан облысында аңға шығып, жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде Фото: ІІМ Видеодан скриншот

Түркістан облысында бірнеше күн бұрын аңшылыққа барып, жоғалып кеткен тұрғын іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 24 ақпан күні Бәйдібек аудандық Полиция басқармасына Арыстанды өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жоғалған ер адамды іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, сүңгуірлер, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары да бар. Дрон аппаратының көмегімен 40 км шақырымдай жерге шолу жасалуда. Аталған жайт бойынша "Адам жоғалу" дерегімен қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек су қоймасындағы суды азайту мақсатында арнайы техникалар жұмылдырылған, қосымша арналар қазылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу