Түркістан облысында жоғалған аңшының денесі табылды

787

Тиісті ақпарат ІІМ ресми Telegram арнасында жарияланды.  

Түркістан облысында жоғалған аңшының денесі табылды Фото: inform.kz

Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жоғалған тұрғынның денесі 10 күннен соң су бетінен табылып, жағаға шығарылды.

Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР Қылмыстық Кодекстің  001-бабы (Адамның қайтыс болуы) бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кету керек, осыған дейін Түркістан облысында аңға шығып, жоғалып кеткен ер адамның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. 24 ақпан күні Бәйдібек аудандық Полиция басқармасына Арыстанды өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Іздеу жұмыстарына 100-ге тарта адам жұмылдырылған болатын. Бұдан бөлек дрон аппаратының көмегімен 40 км шақырымдай жерге шолу жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу