Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетуі мүмкін

1202

Жалпы, әкімдердің ауыс-түйісін қоғам жіті бақылайтыны анық.  

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетуі мүмкін

Соның бір дәлелі ретінде желілерде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетеді деген болжамды мәліметтің желдей есуін келтіруге болатын сияқты , деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған негізде жоқ емес, өйткені. Себебі, соңғы уақытта Сапарбаев командасында жүрген бірқатар азаматтар жаппай жан-жаққа тарап, жаңа қызметтерге ауысып жатыр. Ал, облыстың басшылығына қазір Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келеді деген де ақпар бар. Мұны "Еділов" телеграмм арнасы сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Ал, Алматы тұрғындары болса мегаполиске әкім болып сол Сапарбаев және Қанат Бозымбаев келеді деген болжамдар айта бастады. Бірақ, мұның бәрі әзірге тек болжамдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу