Оралда дизель отыны 170 теңгеден сатылып жатыр

1345

 Оралда дизель отыны 170 теңгеден сатылып жатыр

Оралда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 153 теңгеге жетті. Кейбір жанармай бекеттерінде дизель отыны тапшы, кейбірінде 170 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстың сұйық отынға деген ай сайынғы қажеттілігі 28 мың тонна шамасында. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті мамандарының айтуынша, бензин бағасының өсуіне жанармай жеткізуші компаниялардың өзара келісімге келуі себеп болуы мүмкін. Өйткені жыл басында өзара ымыраласу жолымен бензин бағасын қолдан қымбаттату дерегі тіркелген еді. Оған кінәлі жанармай жеткізуші 4 компанияға қатысты іс қазір сотта қаралып жатыр.

"Тауар нарығына жүргізілген талдаулар нәтижесі өңірде жанармай бағасының қымбаттағанын көрсетті. Қазір департамент мамандары бензин бағасының қымбаттау себептерін зерттеп жатыр. Жанармай жеткізушілерге монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу қажеттігі жөнінде ескертіп, хат жолдадық", - деді  БҚО ТМР және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Мұрат Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу